"Канелоны" ұйықтатуға уәде еткен бұрынғы әлем чемпионы рингке оралады

Ол Головкиннің промоутерінен үздік ұсыныс талап еткен.

Екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Рокки Филдинг (27-2-0, 15 KO) рингке 15 қараша Ливерпульдегі Liverpool's Olympia аренасында шығады, - деп хабарлайды fightnews.info.

Жекпе-жек форматы мен қарсылас әзірге белгісіз.

"Рингке шығатын сәтті асыға күтемін. Желтоқсаннан бері шықпадым, жұдырықтасуға асықпын. Командам чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырып береріне сенімдімін, өйткені MTK Global-мен келісімшарт жасасқалы олар барлық мүмкіндікті пайдалануда.

Ұлыбритания және әлем чемпионы болғанда барлық арманым орындалған. Енді 15 қарашада жеңу қажет, аты әлемге шыққандар және чемпиондар қорғау өткізгісі келсе, телефонмен қоңырау шалатындай. Мені мұнда алып келген ақылды және жинақы боксты қайтарғым келеді", - дейді Филдинг.

Еске салайық, британиялық боксшы былтыр желтоқсанда Сауль Альварестен (52-1-2, 35 KO) жеңіліп, WBA белбеуінен айырылғалы шыққан жоқ. Жекпе-жек алдында Филдинг "Канелоны" дәл соққымен "ұйқыға" жіберуге уәде еткен еді.

Ал тамызда ол GGG промоутері Том Леффлерден ұсыныс келгенін айтқан. Алайда Филдинг өзіне одан жақсы ұсыныс қажетін айтып бас тартқан. 


  0