"Елеусіновке үлкен жекпе-жектерге жол ашады". Қазақстандық кәсіпқой Даниярдың жеңілмеген қарсыласпен жұдырықтасуы жайлы

Ол Даниярдың басымдығы барына сенімді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8 KO) отандасы Данияр Елеусінов (7-0, 3 KO) келесі жекпе-жегінде америкалық Решард Хиксті (12-0-1, 6 KO) жеңетініне сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы Олимпиада чемпионының әуесқойдағы тәжірибесі басымдық беретінін айтады. 

"Меніңше, Даниярдың артықшылығы бар. Оған сенемін. Хикстің жұдырықтасқанын көрмедім, бірақ, оған шамасы жетеді деп есептеймін. Елеусіновтің әуесқойдағы карьерасы тамаша. Ол үшін бұл жақсы тәжірибе болады, Хикспен жекпе-жек үлкен жекпе-жектерге жолдама бола алады", - дейді 2015 жылы 75 келіде World Series of Boxing (WSB) лигасының үздігі атанған Нұрсұлтанов. 



  0