Қазақстандық чемпионның қарсыласы анықталатын бокстан ӘЧ-нің үшінші күніне тікелей трансляция

Әлем біріншілігі Ресейде өтіп жатыр.

Бүгін, 11 қыркүйек Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатында үшінші күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін 57 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар жекпе-жек өткізеді. Бұл салмақта Қазақстан намысын 2017 жылығы әлем чемпионы Қайрат Ералиев қорғайды. Германиялық Шараф Раман мен Венесуэла боксшысы Йоэл Сегундо Финол Ривас арасында кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының алғашқы қарсыласы анықталады. Жекпе-жек В рингінде өтеді, тоғызыншы жұп. 

Әлем біріншілігін Матч! Боец арансы тарнсляциялайды, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 16:00. Тікелей трансляцияға өзге сілтемелер жекпе-жекке жақын уақытта қосылады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші шыққан Бекзат Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте қарсыласы Оңтүстік Корея боксшысы Хонг Ингиді төрешілер шешімімен жеңді. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 


  0