"Канеломен" болмай қалса". Ковалев Альвареспен жұдырықтаса алмаған жағдайға басқа амал тапты

Боксшылар 2 қарашада жұдырықтасу мүмкін.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев 2 қарашада мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ, алайда, ресейлік боксшы "Канеломен" жұдырықтаса алмай қалған жағдайға қосымша амал ойласытрды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ковалевтің сөзінше, ол Артур Бетербиев - Александр Гвоздик жекпе-жегінің жеңімпазымен титулдар біріктіретін кездесу өткізуді ойластырып жүр.

"Альвареспен жекпе-жек өткізе алмасам, Гвоздик - Бетербиев жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасамын", - деп келтіреді боксшының сөзін Sport24.

Жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы украиналық Александр Гвоздик IBF белбеуіне ие Артур Бетербиевпен 18 қазан Филадельфиядағы бокс кешінде жұдырықтасады. 


  0