"Барымызды саламыз". Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанды басты қарсыластардың бірі деп атады

Әлем чемпионаты 9 қыркүйекте басталды.

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев РИА Новости порталына берген сұхбатында екі алтын жүлде тамаша көрсеткіш болатынын, алайда, Екатеринбургтағы әлем чемпионатында команда одан да биік көрсеткіштерге жете алатынын айтады. 

"Кейінгі уақыттардағы ірі турнирлерде командамыздың көрсеткішті жоғары болғаны сонша, шегінер жолымыз жоқ. Екатеринбургтағы әлем чемпионаты квалификациялық (2020 жылғы Олимпиада ойындарына) па, жоқ па, бізге бәрібір. Барымызды саламыз. 

Егер екі алтын ұтсақ, бұл тамаша көрсеткіш болады. Барынша көбірек алуға тырысамыз. Басты қарсыластар - Ресей, Куба, Қазақстан мен Украина құрамаларының боксшылары", - дейді маман. 

Еске салайық, әлем біріншілігі 9 қыркүйекте басталды. Спортшылар жалпы жүлденің тоғыз жиынтығы үшін таласқа түседі. Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиадада Өзбекстан құрамасы үш алтиын жүлде иеленген. 


  0