"Алға, жігіттер!". Головкин қазақстандық боксшыларға әлем чемпионатында сәттілік тіледі

Қазақстандық боксшылар жарысты ертең бастайды.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға әлем чемпионатында сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екатеринбургте басталатын бостан әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік. Алға, жігіттер!", - деп жазыпты Головкин твиттер желісінде. 




Мұның алдында Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылған. Оның қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылардың бірінші қарсыластары белгілі болды. Жекпе-жектер бүгін, 9 қыркүйекте басталады. Рингке алдымен 75 және 91 келіде өнер көрсететін боксшылар шығады. Қазақстандық боксшылар жарысты ертең, 10 қыркүйекте бастайды.

Еске салайық, Головкин 2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен.


  0