"Канело" жартылай ауыр салмақта Ковалевпен титул үшін жұдырықтасады

Боксшылардың жекпе-жегі туралы келесі аптада ресми жарияланады.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев 2 қарашада жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Theathletic.com. Кездесу Лас-Вегаста өтеді.

Боксшылардың жекпе-жегі жайлы келесі аптада ресми түрде хабарланады. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді.

Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған еді. Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.


  0