Джошуа мен Руис қарымта жекпе-жек алдында көз арбасты

Кездесуге чемпиондық титулдар тігіледі.

Cупер ауыр салмақта әлем чемпионы Энди Руис пен британиялық Энтони Джошуа көзге тік қарау рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 7 желтоқсан Сауд Арабиясында өтетін қарымтаға арналған баспасөз мәслихатында кездесті, 

Еске салайық, боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек 1 маусым Нью-Йоркте өткен. Ол кезде Джошуа карьерасында алғаш рет жеңілді. Сегізінші раундта нокаутқа түскен британиялық WBA, IBF және WBO белбеулерінен айырылған еді. 




  0