"Белден төмен ұра бастады". Британиялық боксшы Уордтың Ковалевті жеңу әдісін сынады

Ол өзі де амеркиалықтан жеңілген болатын.

2011 жылы америкалық Андре Уордтан жеңілген британиялық Карл Фроч бұрынғы қарсыласын сынауды қояр емес. Бұл жолы ол Уорд ресейлік Сергей Ковалевті белден төмен ұрып жеңгенін айтады, - деп хабарлайды vRinge.com.

"Иә, Уорд сол кездегі бокстағы ең қорқынышты адам - Ковалевпен екі рет жұдырықтасты. Бірақ шындығын айтайықшы: ол белден төмен ұрып жеңді. Шын айтам. Егер шындық ұнамаса, бұған қатысты бірдеңе жасаңыздар. Жалпы алғанда, ол АҚШ-тан тыс сирек шығатын", - дейді Фроч.

Еске салайық, боксшылар бірінші рет 2016 жылы 19 қарашада жұдырықтасқан, ол кезде Ковалев Уордтан 113-114 есебімен жеңілді. Алайда амеркиалық екінші раундта нокдаунда боғлан еді. Осылайша, ресейлік жартылай ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO белбеулерінен айырылды.

Екінші рет Ковалев пен Уорд 2017 жылы 17 маусымда жекпе-жек өткізді, бұл кездесу сегізінші раундта тоқтап, Уорд жеңді. Осыдан кейін америкалық карьерасын аяқтады.


  0