Головкин салмағындағы әлем чемпионы келесі қарсыласын таңдады

Чемпион қазақстандық боксшыға міндетті қарсылас.

Орта салмақта WBC чемпионы атанған америкалық Джермалл Чарло жыл соңына дейін титулын қорғау жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы белгілі инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, америкалық боксшы рингке желтоқсанда шығады. Чемпионның белбеуіне ирландиялық Деннис Хоган таласады. Үміткер мексикалық Хайме Мунгиямен қарымта бойынша келісе алмағандықтан, бірінші орта салмақтан жоғары көтерілген.

Еске салайық, WBC шешімі бойынша Чарло қазақстандық Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы, ал бұл жекпе-жек жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасу мүмкіндігін алады. 


  0