Усик аса ауыр дивизиондағы дебютінде ММА-де өнер көрсеткен кикбоксшымен жұдырықтасатын болды

Украиналық бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион болған.

Украиналық боксшы Александр Усик (16-0, 12 КО) супер ауыр салмақтағы бірінші жекпе-жегінде жеңілмеген голландиялық Тайрон Спонгпен (14-0, 13 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек туралы Усиктің ісін жүргізетін екі промоутерінің бірі болып келетін Matchroom компаниясы ресми мәлімдеді. Бұл кездесу 14 қазан Чикагодағы Wintrust аренасында өтеді, DAZN стриминг қызметі бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясын жүргізеді. 



32 жастағы Усик 2018 жылы Бүкіләлемдік бокс суперсериясы финалында төрешілер шешімімен ресейлік Мурат Гассиевті (26-1, 19 КО) жеңіп, бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион атанған. Украиналық титулдарын бір рет қана қорғап, британиялық Тони Бельюді (30-3-1, 20 КО) нокаутқа түсірген. Осыдан біраз уақыт өте ол барлық белбеуді бос қалдырды. 

Ал 34 жастағы Тайрон Спонг кәсіпқой бокстан бөлек, тай боксы, кикбоксинг және ережесіз жекпе-жекпен айналысқан. 2012 жылы 3 қарашада Спонг ММА бойынша ережесіз жекпе-жекте америкалық файтер Трэвис Бартлетті нокаутпен жеңген. Ал боксқа 2014 жылы аяғын сындырып алған соң келген. WBO рейтингінде Суринам тумасы төртінші орында. Сонымен бірге, Спонг ауыр салмақта WBC Latino мен WBO Latino тұжырымы бойынша Латын Америкасының чемпионы.

Бастапқыда Усиктің супераур салмақтағы дебюті 25 мамырға жоспарланған болатын, алайда, украиналық жарақат алып, франция-камерундық боксшы Карлос Такаммен (36-5-1, 28 КО) жұдырықтаса алмады.


  0