"Бұрынғыдай әділ емес...". Америкалық сарапшы Головкиннің WBA рейтингінен шығарылу себебін атады

Қазақстандық өткен айда бірінші болған.

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ТОП-15 рейтингінде болмау себебін түсіндірді.

Кеше WBA тамыз айының рейтингнін жариял, бұл тізімнен бірінші болған қазақстандық Головкин шығып қалған.

"Онымен ұйым президенті арасында келіспеушіліктер болғанға ұқсайды. Әдетте боксшының сіңірген еңбегі мен статистикасы енеді, бірақ, WBA-да емес. Бұл ұйымның жеке ережелері бар, оларды түсіну және түсіндіру қиын. Меніңше, WBA қазір бұрынғыдай әділ емес", - дейді Джей.

Қазіргі таңда WBA (Super) титулы мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (52-2-1, 35 KO), ал WBA (Regular) белбеуі - жапониялық Риота Муратада (15-2, 12 KO). Қазір бұл ұйымның орта салмақ рейтингінде  Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 KO) бірінші тұр. 

Еске салайық, Головкин WBA титулын 20 рет қорғап, соңғы жекпе-жегінде ғана "Канелодан" жеңілді. Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин орта салмақта IBF титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады.


  0