WBA Головкинді рейтингінен алып тастады және Шүменовты әлем чемпионы етті

GGG бұл тізімде бірінші болған.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) тамыз айына арналған жаңартылаған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл рейтингтен ұйым орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкинді ТОП-15 тізімнен алып тастап, бірінші аур салмақта Бейбіт Шүменовты әлем чемпионы еткен. 

Шілдедегі рейтингте Головкин орта дивизионда бірінші болған. Енді бұл орында өткен айда екінші болған америкалық Дэниэл Джейкобс тұр. Ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес (Super) және жапониялық Риота Мурата чемпион ретінде өзгеріссіз қалған.

Өткен айдағы рейтингте Шүменов болмаған еді, өйткені ол WBA "регуляр" титулынан ресми түрде айырылып, "демалыстағы чемпион" атанған болатын. Енді қазақстандық боксшы қайтадан әлем чемпионы ретінде көрсетілген, ал ұйым чемпионы WBA (Super) белбеуіне ие франциялық Арсен Гуламирян онын өзгертпеді.


  0