"Альвраресті жеңбеске амалы жоқ". Ковалевтің бапкері "Канеломен" жекпе-жек жайлы

Бадди МакГирт ресейлікке сенімді.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевтің бапкері Бадди МакГирт ресейлік боксшы екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке дайын екенін айтады, - деп хабарлайды "Чемпионат" сайты Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

Сонымен қоса, америкалық бапкер Ковалевтің жеңісіне сенімділік білдірді. 

"Сергей Альвареспен жекпе-жекке сөзсіз дайын. Ол әлі де жоғары деңгейде жұдырықтаса алатынын дәлелдеді. Көпшілік оны қартайды деп санаттан шығарып тастағанын білемін, бірақ, Сергей олардың қателескенін көрсетті. Сергей әлі биікте.

Онда боксшыны алға сүйрейтін жалын өшпеді. Сергей келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні мен үшін аса маңызды емес, алайда, Альварес ірі жігіттермен жұдырықтасқысы келсе, Сергейге оны жеңбеске амалы жоқ", - дейді МакГирт.

Еске салайық, Ковалев өткен демалыста Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, 36 жастағы ресейлік боксшы 38 жекпе-жегінің отызтөртінде жеңіске жетіп, чемпиондығын қорғап қалды. 


  0