Ковалев пен "Канело" жұдырықтасқысы келеді - промоутер

Ресейлік чемпиондығын қорғап қалды.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевтің промоутері Кэти Дува ресейлік боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Екі жақты келіссөздер сәтті өтсе, боксшылар 2019 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізуі мүмкін деп болжануда.

"Альварестің Ковалевпен жұдырықтасқысы келетінін білемін. Сергей де соны қалайды. Бұл ой тамаша сияқты. Бұл жекпе-жекті адамдар тамашалағысы келетіні түсінікті, ал Ярдпен жекпе-жекте Сергей бұл жайтқа шиеленіс қосты. Ол бұрын жасай алмағанын және сол үшін сынға ұшырағаны ісін жандандырды - ауыр жекпе-жек өткізді. Бұл оның карьерасындағы ең қызық жекпе-жек болды. 

Альварестің командасы менің нөмірімді біледі. Көп ұзамай сөйлесеміз деген үміттемін. Мұнан не шығарын көреміз", - деп келтіреді промоутердің сөзін BoxingScene.

Еске салайық, Ковалев 11 раундта Ярдты нокаутқа түсірді. Бұл 36 жастағы ресейлік боксшының 38 жекпе-жегіндегі 34-ші жеңісі болды. Ол үш рет жеңіліп, бір жекпе-жегін тең аяқтаған. Ал 28 жастағы Ярд карьерасында алғаш жеңілді, бұған дейін ол 18 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (17 нокаут). 


  0