"Мұнда майда-шүйделер бәрін шешеді". Скабелка "Авангардтан" есе қайтару мен дайындық жайлы

Алғашқы ойын 14 наурызда.

"Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка Құрлықтық хоккей лигасындағы "Авангардқа" қарсы плей-офф матч серияларына дайындық туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Мұзайдындағы алғашқы жаттығу. Кеше жиналып, қарсылас туралы талқылау жасадық. "Авангардпен" ойынға дайындық басталды. Жаттығу тәртібіне енуіміз қажет. Азшылықта қорғану тәсілдерін қарастырдық", - деп атап өтті Скабелка.

- Жаттығуда неге Старченко көрінбейді?

-  Старченконы осы маусымда көрмейміз, ол Мәскеуге медициналық тексеруден өтуге кетті. 

- "Авангардпен" қарсы ойынға жеке мотивтеріңіз туралы айтып беріңізші?

- Көңіліңізді қалдырмайын. Бірақ "Авангардқа" қарсы ойында жеке ешқандай мәселе жоқ. Онда бәрі жаңаша. Бапкерлер де, жетекшілер де ауысқан. Шынына келгенде мені бұл толғандырмайды да. "Авангардпен" төрт ойын өткіздік, олар шабуылға бейім. Қателіктер аз жібереді. Үш ойын тең ойнадық, ал біреуінде тең түстік. Барлық ойын үлкен қысымда өтті. Мұнда майда-шүйделер бәрін шешеді.

-  "Торпедо" мен "Авангардты" салыстыра аласыз ба?

-  Екі түрлі. Бастысы - матчке дайындық пен психологиялық ахуал. Қарсыластар ойын стилі жағынан мүлде өзге.

Гагарин Кубогы екінші айналымындағы "Барыс" пен "Авангард" арасындағы матч сериясы 14 наурыз Астанада басталады. Алғашқы ойын бүгін жергілікті уақытпен 19:30-да. 


  0