"Барыс" Владивостокта "Адмиралдан" ұтылды

Елордалық команда сегізінші ойын қатарынан ұтылып, ұпайсыз қалды.

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Владивостокта "Адмиралдан" ұтылды. Нәтижесінде елордалық команда сегізінші ойын қатарынан ұтылып, ұпайсыз қалды.

Ойында мұз айдын иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде командалар есеп аша алған жоқ. Екінші кезең басында "Адмирал" командасы алға шықты. Ойындағы бірінші шайбаны Артем Земченок соқты.

44 минутта Максим Казаков мұз айдын иелерінің ойындағы екінші шайбасын соғып, "Барыс" жағдайын қиындатты. 51 минутта елордалық команда сапынан Антон Сагадеев есепті қысқартты. Алайда ойынның соңғы сәттерінде "Адмирал" ойыншылары сапынан Алексей Андреев ашық қақпаға шайбаны дәл бағыттады.

"Барыс" келесі ойынын 16 қаңтар күні Тольяттиде "Ладаға" қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.


  0