"Барыс" ҚХЛ-ғы ең нәтижелі командалар тізімінде екінші орынға шықты

Қазіргі таңда 35 ұпай жинаған "Барыс" турнирлік кестеде 7-орында келеді.

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" клубы осы маусымдағы ең нәтижелі командалар тізімінде екінші орынға шықты.

Түнде өткен ойында елордалық команда Ханты-Мансийскіде "Юграны" 5:2 есебімен ұтты. 20 ойынның қорытындысы бойынша 62 шайба соғып, СКА командасынан кейін екінші орынға көтерілді. Ал питерлік команда болса 21 ойында 94 шайба соғып үлгерген. Үшінші орынға Омбының "Авангард" командасы орналасқан. Олар 20 ойында 61 шайба соғыпты.


Одан кейінгі орындарға "Салават Юлаев" (60 шайба), "Ак Барс" (59), "Автомобилист" (59), "Металларг Магнотогорск" (59), "Йокерит" (58) пен "Витязь" (57) командалары орналасқан.

Қазіргі таңда 35 ұпай жинаған "Барыс" турнирлік кестеде 7-орында келеді. 14 қазан күні Бейжіңде "Куньлунь Ред Стар" командасымен кездеседі.


  0