"Барыстың" ҚХЛ жаңа маусымындағы екінші матчіне тікелей трансляция

Астаналықтар "Амурмен" ойын өткізеді.

Бүгін, 5 қыркүйекте "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) 2019/2020 маусымындағы екінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын хоккей командасы Нұр-Сұлтандағы мұзайдында Хабаровсктің "Амур" командасын қабылдайды.

Кездесу "Барыс-Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 19:30.

Матчтің тікелей трансляцисын QazSport және ҚХЛ-ТВ арналарынан тамашалай аласыз, қазақстандық арнаның көрсетілімі мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Еске салайық, бірінші ойында "Барыс" Владивостоктың "Адмирал" командасынан ұтылды.


  0