Мексикадағы турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші ATP рейтингінде айтарлықтай жоғарлады

"Челленджердің" финалында Бублик эквадорлық теннисші Эмилио Гоместі 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өткен турнирде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Челленджердің" финалында Бублик эквадорлық теннисші Эмилио Гоместі 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Бұған дейін қазақстандық теннисші серб Педжа Крштинді, америкалық Митчелл Крюгерді, испаниялық Фелисиано Лопес пен АҚШ-тың тағы бір өкілі, турнирдің фавориті Теннис Сандгренді жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Соның арқасында Бублик АТР рейтингінің ТОП-100 теннисшісі қатарына енді. Ол 120-орыннан 99-ға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіші - 95-орын.


  0