Қазақстандық теннисші Мексикадағы жарыста финалға шықты

Ақтық сын 8 сәуірге жоспарланған.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалына өтті, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда Бублик америкалық Теннис Сандгренмен жолығып, 2:6, 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы Эквадор өкілі Эмилио Гомеспен кездеседі. Ақтық сын 8 сәуірге жоспарланған.

Осыған дейін, қазақстандық теннисші Александр Бублик венгриялық Будапештте өткен "Челленджер" сериясының жеңімпазы атанғаны туралы айтылды. Финалда Бублик екі сетте италиялық Роберто Маркорды жеңді-6:0, 6:3. Ойын небәрі 56 минутқа созылды.

21 жастағы Бублик ATP рейтинінде 172-ші орында, ал 29 жастағы Маркор 283-ші орында тұр.


  0