Виландер: Джоковичті тек Надаль тоқтата алады

Бұл жарыстың өткен жылғы - жеңімпазы швейцариялық Роджер Федерерү

"Үлкен дуылға" жарыстарының жетідүркін чемпионы Матс Виландердің ойынша, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичті тоқтатуға тек испаниялық Рафаэль Надальдің қолынан келеді екен. Надаль мен Джокович Аустралияда теннистен ашық чемпионаттың финалында кездеседі. Мельбурн қаласында өтіп жатқан жарыста Надаль әлі бірде-бір рет тізе бүккен жоқ, - деп хабарлайды Tennis World USA.

"Надаль осы жарыста Джоковичті тоқтата алатын жалғыз теннисші шығар. Джокович әлсіз болып көрінгенімен, оның финалға сақтағаны бар деп ойлаймын", - деді Виландер. 

Аустралияда өтіп жатқан Ашық чемпионатта грек теннисшісі Стефанос Циципасты ойсырата жеңді, ал Джокович француздық Люка Пуиға бірде-бір сет бермеді. Бұл жарыстың өткен жылғы - жеңімпазы швейцариялық Роджер Федерер.


  0