Роналду Лондонда теннистен Джокович - Изнер кездесуін тамашалады

Сербиялық Новак Джокович америкалық Джон Изнермен кездесті.

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду отбасымен бірге Ұлыбритания астанасы Лондонда АТР чемпионатының қорытынды ойынына келді. Сербиялық Новак Джокович америкалық Джон Изнермен кездесті. Белград тумасы 1 сағат 14 минутта 6:4, 6:3 есебімен америкалықты жеңді. 

Кездесу барысында Португалия құрамасының шабуылшысына қарай теннис добы ұшқан. Допты қағып аламын деген ұмтылысы сәтсіз шығып, соңында атақты сұрмергеннің баласы еденнен алып шықты. 




Лондонда өтіп жатқан АТР чемпионаты 18 қарашада аяқталады. Жүлде қоры - 8,5 миллион доллар. Өткен жылғы финалда болгар теннисшісі Григор Димитров бельгиялық Давид Гоффенді 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда биыл екі спортшы да турнирге іліге алмады. 


  0