Федерер: Мен өзімді ешкімнен биік санамаймын

ATP рейтингінде Базель тумасы үшінші орында тұр.

20 дүркін "Үлкен дуылға" турнирінің жеңімпазы швейцариялық Роджер Федерер еш уақытта рекорд орнатуды арманадағанын, тек ойыннан ләззат алып, көрермендерді қуанды мақсат еткенін айтады, - деп хабарлайды Tennis Wolrd USA.

"Рекордтарым үшін мен өзімді біреуден жоғары санамаймын. Ойыншылардың бұрынғы көрсеткіші болмаса, мұны барлығы да болмас еді. Олар мені шабыттандырды. Алайда әр замандағы теннисшілерді салыстыру бассыздық. 

БАҚ әрдайым былай деп жатады: "Егер Федерер жеңіске жетсе, бірдеме болады", егер ол осы нәтижеге қол жеткізсе, барлық замандағы ең мықты ойыншы атанады". Мен теннис ойнайтын кезде, ондай нәрселерді мүлде ойлаған емеспін. Рекордтар кейінірек келді. Бала кезімде 50 мың көрермен алдында өнер көрсетуді арман еттім, оларды қуантқым келетін. Менің қолымнан келді деп ойлаймын", - дейді Федерер. 

ATP рейтингінде Базель тумасы үшінші орында тұр. 


  0