Кукушкин Венадағы жарыста әлемнің 10-шы ракеткасын жеңді

Осы турнир ATP 500 санатына кіреді. Оның жүлде қоры - 2 198 250 евро.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Австрия астанасы Венада өтіп жатқан ATP Erste Bank Open сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы болгариялық Григор Димитров болды. 2 сағат 23 минутқа созылған кездесу 6:4, 4:6, 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 27 жастағы Димитров 11 рет екі қателіктен жіберіп отырды.

Айта кетейік, Кукушкин ATP рейтингінде 71-ші орында тұр, ал Димитров болса әлемнің оныншы ракеткасы. Бұл кездесу қазақстандық теннисші үшін үшінші жеңіс, ол болгар ракеткасымен төрт рет кездескен.

Кукушкиннің келесі қарсыласы ресейлік Андрей Рублев болады, ол америкалық Денис Кудлуды 7:6, 6:0 есебімен жеңген еді. Кукушкин - Рублев жұбының жеңімпазы венгр теннисшісі Мартон Фучовичпен кездеседі.

Осы турнир ATP 500 санатына кіреді. Оның жүлде қоры - 2 198 250 евро.


  0