Федерер теннис тарихында доп берісі ең үздік спортшыны атады

Сампрас - "Үлкен дуылға" турнирлерінде 14 дүркін чемпионы.

Швейцариялық Роджер Федерер кумирі санайтын америкалық Пит Сампрастың спорттық мансабы туралы сөз қозғады, - деп жазады Tennis World USA.

"Сампрастың спорттық мансабы таңғажайып. Ол Уимблдонда жеті рет жеңіске жетті және бес рет АҚШ чемпионатында жеңімпаз атанды. Оның соңғы US Open жарысындағы жеңісін ешқашан ұмытпаспын. Ол кезде оның ең басты қарсыласы Агассиді ұтты, 

Меніңше, доп берісі - біз көрген ең үздік ойыншы ол Пит. Бүгінде допты ойынға жақсы қосатын теннисшілер бар, алайда Сампрас допты ойынға қосып, шабуылды үдете түскен. Ғажап", - дейді Федерер. 

Сампрас - "Үлкен дуылға" турнирлерінде 14 дүркін чемпионы. Бұл көрсеткішпен тек Рафаэль Надаль (17) және Роджер Федерер (20) ғана мақтана алады. Сербиялық Новак Джокович 14-ші трофейін осы US Open жарысында иеленді. 


  0