Федерер қай уақытта бірінші рет жеңістен кейін жылағаны жайлы айтты



Швейцариялық теннисші Роджер Федерер қай уақытта ойында жеңіске жеткен сәтінде қуаныштан көз жасын төккені жайлы айтып берді, - деп жазады Тennis World USA.

"Менің көз жасыма назар аударып керек емес, себебі мен бұрыннан эмоционалдымын. Бұрындары жеңілген сайын жылайтынмын. Жеңістен кейінгі көз тамшысы? Меніңше бұл АҚШ құрамасымен бірге Дэвис Кубогында болды деп ойлаймын. Ол кезде мен жекелей сайыста жеңіске жеттім, бірақ қатты шаршадым. Соған қарамастан мен жұптық кездесуге қатысатын болып шешіп, тағы да жеңіске жеттім.

Осыдан кейін мен талай мәрте көз жасымды бұлғадым. Мен эмоционалдымын, бірақ ойын кезінде эмоцияны бақылауда ұстаймын. Марапаттау рәсімінде осы күнге дейін қаншама мықты қарсыласты тізе бүктіргенімді ойласам, менде мақтаныш сезімі оянып, бақытты бола түсемін", - дейді Федерер. 

Федерер айтып отырған Дэвис Кубогы 2001 жылы өткен еді. 


  0