Андре Агасси: Ең үздік ойыным Федерер мен Надальдың нашарына да жетпейді



Әлемнің бірінші ракеткасы болған, "Үлкен дуылға" иегері, америкалық Андре Агасси көпжылдық АТР көшбасшылары - Новак Джокович, Рафаэль Надаль және Роджер Федерердің ойынына өз бағасын берді, - деп жазады Tennis World USA.

"Сіздер олардың артқы сызықтан қалай соққы жасайтынын көрдіңіздер ме? Мен мұндай теннисті ары кетсе 10 минут қана ойнай алармын, бірақ содан кейін не берілу керек, не жарыстан шығып қаламын. Мен оларды миллион жыл өтсе де жеңе алмайтын сияқтымын. Менің үздік теннисім олардың ең нашар ойынына жетпейді", - дейді Агасси.

Америкалық теннисші Роджер Федерермен 11 рет кездесіп, тек үш рет қана жеңді. Үш жеңісті де ол Федерердің жасы 21-ге толмай тұрып ойнаған еді. Ал испаниялық Рафаель Надальмен екі рет кездескен Агасси, біреуінде де жеңіске жете алмады.

Андре Агасси 1970 жылы 29 сәуірде АҚШ-тың Невада штатындағы Лас Вегас қаласында дүниеге келген. Ол өткен ғасырда АТР рейтингінде бірнеше рет көш бастады. 2006 жылы спорттан кеткен.


  0