Рафаэль Надаль: Циципасты үлкен болашақ күтіп тұр

Испаниялық теннисші үшін бұл спорттық мансабындағы 80-ші жеңіс.

Испаниялық Рафаэль Надаль Торонтода (Канада) өткен "Мастерс" финалында грекиялық теннисші Стефанс Циципасты 6:2, 7:6 есебімен жеңгеннен кейін 20 жастағы қарсыласының мықтылығын мойындады. 

"Бірінші кезекте Стефансқа осы ата үшін үлкен алғыс білдіріп, оны туған күнімен құттықтағым келеді. Ол тамаша өнер көрсетті, ары қарай даму беруін тілеймін. Сені үлкен болашақ күтіп тұр!

Сенімен керемет команда жұмыс істеп жатыр, олар саған әрдайым қолдау білдіріп оытрады. Барлық жақсылықты тілеймін", - деп жазды АТР баспасөз қызметі Надальдің сөзін. 

Испаниялық теннисші үшін бұл спорттық мансабындағы 80-ші жеңіс. Осыған дейін Циципас Надальдың ойынына таңданыс білдіріп, оны корттағы "құбыжық" деп атады. Грекиялық теннисші Надальдың еш уақытта берілмейтініне таңданыс білдіргенін мойындады. 


  0