Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнирде жүлде иеленді

Бірнеше күннен кейін ол Люксембургтегі жарысқа қатысады.

Польшада Wieslaw Maniak-ты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста қазақстандық спортшы Михаил Литвин жүледелі орыннан көрінді, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы 400 метрге жүгіруде екінші орын иеленді. Бұл қашықтықты ол 46,21 секундта өтті. Мәреге бірінші болып Ұлыбританиялық Юсиф Раба жетті - 45,98. Үшінші орында польшалық Дариуш Ковалюк - 46,50.

Айта кетейік, 18 тамызда Литвин тағы бір еуропалық жарыста - Люксембургта өтетін Permit Meetings турнирінде 400 метрге жүгіреді.


  0