Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем біріншілігіне жолдама алды

Біздің команда өз тобында мәреге бесінші болып келсе, жалпы есепте 10-шы орын иеленді.

Йокогамада (Жапония) жеңіл атлетикадағы эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Қазақстан әйелдер командасы финалдық кезеңге өте алған жоқ. Десе де, біздің команда Дохадағы әлем чемпионатына жолдама иеленді деп хабарлайды Vesti.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Эстафетадан Қазақстан командасының сапында Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Ольга Сафронова, Элина Михиналар сынға түскен болатын. Олар жарысты 10-шы орынмен аяқтады. Бұл 2019 жылдың 28 қыркүйегінде Катардың  Доха қаласында басталатын әлем чемпионатына қатысу үшін жеткілікті нәтиже.

Біздің команда өз тобында мәреге бесінші болып келсе, жалпы есепте 10-шы орын иеленді.

Ал аралас командалық эстафетада (Михаил Литвин, Андрей Соколов, Элина Михина, Светлана Голендова) Қазақстан командасы 16 команданың ішінен 16-шы орын иеленіп, көш соңында қалды.

Эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты 11-12 мамыр күндері өтетінін естеріңізге саламыз.


  0