Қазақстандық жеңіл атлет Олимпиададағы допинг тесті үшін жарыстан шеттелді

Жарыста ол өзінің жеке рекордына жеткен.

Жеңілатлетикалық федерациялардың халықаралық қауымдастығы (IAAF) қазақстандық спортшы Наталья Ивонинскаяны жарыстан уақытша шеттеті, - деп хабарлайды Incide the games.

Бұл шешім 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиаданың допинг-тесттерін тексеру қорытындысы бойынша қабылданды. Ивонинскаяның сынамасында туринабол және станозолол анаболик стреойдтары табылды. 

Ивонинская 100 метр кедергілермен жүгіру сайысында өнер көрсетеді. Бұл жарыс түрінен 2012 жылғы Олимпиадада ол 27-ші орында болған, жүгіру уақыты 13,20 секунд еді, бұл оның жеке рекорды. Бұған дейін төрт жыл бұрын Бейжіңде Ивонинская 13,48 секундта жүгіріп өтіп, 30-шы болған. 

33 жастағы Ивонинская 2011 жылғы Универсиада мен 2010 жылғы Азиядананың күміс жүлдегері және 2010 жылы Азия чемпионатында қола иеленген. Сонымен қатар, оның себінде Азия чемпионатының ғимарат ішінде өткен жарыстың екі қоласы бар. Ғимаратта өткен Азиаданың үш алтын, екі күміс және бір қола жүлдесі. Алайда Ивонинская IAAF ресми сайтындағы профилінде 2014 жылдан бері жарысқа қатыспай жүргені көрсетілген.


  0