Аяғы сынған қыз марафонды еңбектеп аяқтап, тізесін талқан етті

Енді ол ауруханадан 3-4 айдан соң ғана шығады.

Жапониялық қыз марафон кезінде аяғын сындырып алды, алайда, жарыстан шығудан бас тартты, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты The Asahi Shimbun ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Оқиға елдің Фукуока префектурасындағы марафон қашықтығын эстафеталық тәсілмен жүгіріп өтетін Экиден жарысында болды. 

Қыз бірнеше шақырымды жүгіріп өтіп, 200 метрден кейін эстафетаны кезекті қатысушыға беру керек еді. Алайда осы кезде аяғының шыдатпай ауырғанын сезеді. Дегенмен ол жарысты жалғастырып, мәреге тізесін жыртып, еңбектей жеткен. 



Қыз жарысын аяқтаған соң оны аяғы сынғандықтан ауруханаға алып кетті. Қазір оның жағдай түзеліп келеді, алайда, тек үш-төрт айдан кейін толық жазылады. 

Өкініштісі қызыдың бұл бейнеті бекер болған. Қыз құлағаннан кейін оның командасын жарыстан шығарып тастаған екен. 


  0