Азия ойындары-2018: Литвин мен оның қарсыластары

Жеңіл атлеттер жарыс жолына 25 тамыздан бастап шығады.

Жакартадағы жазғы Азия ойындарының басталуына да аз уақыт қалды. Жеңіл атлеттер жарыс жолына 25 тамыздан бастап шығады.

Біз қазақстандық жеңіл атлеттердің мүмкіндіктерін, қарсыластарының деңгейін, рейтингін сараптауды әріқарай жалғастырамыз. Бүгінгі әңгімеміз 400 метрге жүгіретін ерлер туралы.

Орта қашықтықта көбінесе тактикалық сауаттылық ерекше рөл атқарады. Қазқстаннан Азия ойындарына бұл сайыс түрінен Солтүстік Қазақстан облысының атлеті Михаил Литвин мен Шығыс Қазақстанның өкілі Андрей Соколов қатысады.

Қазіргі кезде Азия құрлығында рейтингтің көшін Катардың қос атлеті Абдалелах Харун мен Абдеррахман Самба бастап тұр. Алғашқысы 2017 жылы Лондондағы әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2016 жылы Портлендтегі жабық кешендегі әлем чемпионатында да екінші орынға ие болған. Екі дүркін Азия чемпионы. Негізі Суданда туған. 20 жастағы атлет өзге спортшылар секілді Катардың азаматтығын алып, осы елдің намысын қорғап жүр.

22 жастағы Михаил Литвин осы маусымдағы және жалпы спорттық карьерасындағы үздік көрсеткішін 29 маусым күні Ғ.Қосанов Мемориалында тіркеді. Ол кезде Литивин 1985 жылы Александр Курочкин орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты – 45.50 секунд. Бұл көрсеткішімен жерлесіміз биылғы маусымда Азия құрлығында бесінші орында тұр. Ал тек жазғы Азия ойындарына қатысатындарында төртінші сатыда.

Толық рейтинг мынандай:

1. Абдалелах Харун (Катар) – 44,07

2. Абдеррахман Самба (Катар) – 44,62

3. Мохаммед Анас Яхия (Үндістан) – 45,24

4. Михаил Литвин (Қазақстан) – 45,50

5. Юлиан Ирумми Уолш (Жапония) – 45,63

6. Юсеф Карам (Кувейт) – 45,63

7. Соундраян Арокиа Раджив (Үндістан) – 45,78

8. Аруна Даршана (Шри-Ланка) – 45,79

9. Кота Вакабаяши (Жапония) – 45,81

10. Трентен Берам (Филиппин) – 46,01

11. Калинга Кумаражи (Шри-Ланка) – 46,08

12. Лей Янг (Қытай) – 46,45

13. Дин Сон Тран (Вьетнам) – 46,70

14. Ильхван Мо (Оңтүстік Корея) – 46,79

15. Али Кадивар (Иран) – 46,82

16. Жонгже Гуо (Қытай) – 46,83

17. Муса Иса (Бахрейн) – 46,89

18. Мохд Саифул Сафван (Малайзия) – 47,01

19. Зубин Перси Мунчерджи (Сингапур) – 47,02

20. Абдул Вайфи Рослан (Малайзия) – 47,07

21. Чан-Хо Лим (Оңтүстік Корея) – 47,08

22. Люнг Хсян Янг (Қытайлық Тайпэй) – 47,25

23. Питчая Сунтонтуам (Тайланд) – 47,26

24. Милад Насех Яхани (Иран) – 47,33

25. Йоме Секита (Филиппин) – 47,34

26. Абдулрахман Хамис (Бахрейн) – 47,34

27. Паунгпи Пипатпорн (Таиланд) – 47,41

28. Андрей Соколов (Қазақстан) – 47,50.


  0