Ольга Рыпакова Париждегі "Гаухар лигасы" кезеңін 8-орынмен аяқтады

Ольга Рыпакова Париждегі "Гаухар лигасы" кезеңін 8-орынмен аяқтады.

Парижде өткен "Гауһар лигасы" кезеңінде қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 8-ші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Рыпакова алты мүмкіндік ішіндегі ең үздік нәтижесі - 14,25 метр. 7 маусым күні Ослода өткен кезеңде Ольга 14,06 метр көрсеткішімен 6-шы орын иеленген болатын.

Парижде кіл мықтылар Ольганың үздік үштікке жақындауына мүмкіндік берген жоқ. Ал Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн бұл жолы да қара үзіп кетті.

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.83 м;

2. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.56;

3. Тори Франклин (АҚШ) – 14.49;

4. Кристин Гириш (Германия) – 14.42;

5. Шаниека Риккетс (Ямайка) – 14.38;

6. Ана Пелетейро (Испания) – 14.31;

7. Руги Диалло (Франция) – 14.27;

8. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.25.


  0