Рыпакова "Гауһар лигасы" кезеңінде жүлдеге іліне алмады

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы үшін бұл маусымдағы алғашқы жарыс болатын.

Норвегияның Осло қаласында өткен «Гауһар лигасы» кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова алтыншы орын иеленді.

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы үшін бұл маусымдағы алғашқы жарыс болатын.

Ослодағы бәсекеде колумбиялық Катрин Ибаргуэн жеңімпаз атанды. Ол 14.89 метрге секірді. Күміс жүлдені 14.57 нәтижесімен америкалық Тори Франклин иеленсе, қола жүлдеге 14.50 көрсеткішімен ямайкалық Кимберли Уильямс қол жеткізді.

Ольга Рыпакова бұл сында 14.12 метрге секіріп, алтыншы орынға жайғасты. Бір айта кетерлігі, жүлдеге қол жеткізген спортшылардың барлығы да «Гауһар лигасында» сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ал жерлесіміз Рыпакова үшін бұл биылғы маусымдағы алғашқы ресми турнир.

«Гауһар лигасы». 7 маусым, Осло. Үш қарғып секіру, әйелдер:

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.89 метр;

2. Тори Франклин (АҚШ) – 14.57;

3. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.50;

6. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.12.


  0