Илья Ильин Токиодағы тестілік турнирге қатысады

Жарыс 6-7 шілде күндері өтеді.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің бірі болып саналатын Токиодағы тестілік турнирге қатысады, - деп хабарлайды ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Жарыс 6-7 шілде күндері өтеді. Илья Ильинмен бірге 109 килоға дейінгі салмақта Ибрагим Берсанов та қатысады. Ал әйелдер арасында 87 килоға дейінгі салмақта Лариса Кобелева жүлдеге таласады. Отандастарымыз 7 шілде күні жарыс тұғырына шығады.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) жаңа ережелеріне сәйкес, спортшылар Олимпиада ойындарына дейін бірнеше іріктеу жарыстарына қатысуы міндетті.


  0