Ильиннің бұрынғы бапкері Өзбекстан құрамасын жаттықтырып жүр

Бұл туралы көрші елдің ақпарат құралдарынан байқауға болады.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің талай жарыстарда жеке бапкері болған Ержас Болтаев Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтырып жүр. Бұл туралы көрші елдің ақпарат құралдарынан байқауға болады.

Өзбекстандық ауыр атлеттер Украинадағы оқу-жаттығу жиынынан кейін Болгарияға аттанған. Ол жақта 4 наурызға дейін дайындалады екен. Ал осы құраманы бастап кеткен жаттықтырушылар қатарында Илья Ильиннің бұрынғы бапкері Ержас Болтаев та бар.



Қазіргі таңда жаттықтырушы мен құрама арасындағы келісімшарт туралы ақпарат жоқтың қасы.

Айта кетейік, Ержас Болтаев қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің жеке бапкері болды. Сондай-ақ, "Ильиннің командасы" деп танылған еліміздегі ең мықты спортшыларды жаттықтырды. Ильин осы бапкермен бірге 2012 жылы Олимпиада чемпионы болды. Кейіннен допинг дауына ілігіп, чемпиондық атағынан айырылды.


  0