"Әлем чемпионатына алғаш баруым". Жеңіс видеосы желіде таралған 54 жастағы чемпион апа

Қазақстан құрамасы екінші болды.

Румынияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында жеңіске жеткен 54 жастағы қазақстандық Рахия Молдашева Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірден белгілі болып кеткені жайлы өз ойын айтты. 

"Әлем чемпионатына алғаш баруым және жеңісіме қуаныштымын. Сөзбен жеткізе алмайтын әсер. Шешуші кезеңде толқыдым, бірақ, қолымнан келді. Еліме жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Үйде бәрі алаңдап отырды. 



54 жастамын, үй шаруасында. Екі ұлы, екі қызым, олардан немерем мен жиенім бар. Олардың бәрі мені бір батырдай көреді. Мені таный бастағанын байқадым, алайда, өзімді жұлдыз сезінбеймін.

Менің кумирім - Геннадий Головкин. Оның жекпе-жектерінің барлығын тамашалаймын. Ол еліміздің ең мыты спортшысы және еліміздің даңқын шығаруда. Бізді жеңіске шабыттандырды", - дейді Молдашева.

Айта кетейік, әлемдік додаға 54 ел қатысты. Жалпы қазақстандық спортшылар сегіз алтын, тоғыз күміс және 11 қола жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Ресейден кейін екінші орын иеленді. 




  0