"Арландар" Талдықорғанда өзбек боксшыларын тізе бүктірді

"Astana Arlans" клубы Талдықорғанда Өзбекстанның "Uzbek Tigers" командасын 4:1 есебімен жеңді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын "Astana Arlans" клубы Талдықорғанда Өзбекстанның "Uzbek Tigers" командасын 4:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қос клуб арасындағы жекпе-жекті 52 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар бастады. Команда капитаны Олжас Сәттібаев Аброржан Қодировты айқын жеңіп шықты.

Ал екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасты. Риода 56 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қола жүлдегер атанған өзбек боксшысы отандасымызға қарсы шайқаста қауқарлы қарсылық таныта алмады. Намысқа тырысып, қарсыласынан бір бәс жоғары екенін байқатты.

"Astana Arlans" командасы үшінші жекпе-жек қорытындысы бойынша уақытынан бұрын жеңіске жетті. 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Шахрам Гиясовты жеңді.

81 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Жарманов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Бектемір Меликузиевті ұта алмады. Ал соңғы болып шаршы алаңға көтерілген Қамшыбек Қоңқабаев Баходыр Жалоловтан айласын асырып, 4:1 есебімен қазақ боксшыларына жеңіс сыйлады. 

"Astana Arlans" топтағы келесі кездесуін 4 наурыз күні Атырауда Қытайдың "China Dragaons" командасына қарсы өткізеді.   құқықты сақтаңыз


  0