Ресейліктерге қарсы шығатын "арландардың" тізімі анықталды

Кездесу 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамо" спорт кешенінде өтеді.

Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін "Астана Арландары" командасының бапкерлі ресейлік "Russian Boxing Team" командасына қарсы жұдырықтасатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Команданың бас бапкері Нұрлан Ақүрпековтың айтуынша алдағы жекпе-жекке мына боксшылар шығады: 49 келі - Теміртас Жүсіпов, 56 келі - Ілияс Сүлейменов, 64 келі - Ділмұрат Мижитов, 75 келі - Әбілхан Аманқұл, 91 келі - Антон Пинчук. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл жекпе-жекке қатысатын ресейлік боксшылардың да тізімі белгілі болған еді. Тарқатып айтса, ресейлік команданың сапында алдағы кездесулерге 49 келі салмақта Батор Сагалуев, 52 келіде Максим Чернышев, 64 келіде Ратмир Абдурахманов, 75 келіде Максим Коптяков және 91 келіге дейінгі салмақта Сергей Калчугин қатысады. 

Еске салайық, "Astana Arlans" пен "Russian Boxing Team" арасында кездесу 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамо" спорт кешенінде өтеді.




  0