Бокс федерациясы үздік деп танылды



Қазақстанның бокс федерациясы 2016 жылғы еліміздегі ең үздік федерация атанды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Үздік атанғаны үшін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновқа арнайы сыйлықты ҚР Мәдениет және спорт министі Арыстанбек Мұхамадиұлы табыс етті. 

Министр өз сөзінде қазақстандық боксшылардың Рио-де-Жанейро қаласында көрсеткіштерін атап өтті. Айта кетейік, Бразилия жерінде боксшыларымыз бір алтын, екі күміс және екі қола жүлде жеңіп алған еді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бокс федерациясы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы мен Азия бокс қауымдастығының нұсқалары бойынша үздік атанған болатын. 





Тег:



  0