Левитті Олимпиада ойындарының алтынынан айырған Тищенко кәсіпқой боксқа ауысуы ықтимал

Бұл туралы боксшы "Р-Спорт" басылымына берген сұхбатында айтты.

91 келі салмақта Рио Олимпиадасында чемпион атанған боксшы Евгений Тищенко алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы боксшының "Р-Спорт" басылымына берген сұхбатында айтты. 

Қазірше боксшы әуесқой бокста қала береді. Бірақ алдағы уақытта кәсіпқой бокста бағын сынап көрігісі келетінін айтты. 

"Жоспарларым туралы айтатын болсам, қазірше мен әуесқой бокста қала беремін. Жазда Харьковте бокстан Еуропа чемпионаты өтеді. Қазір сол бәсекеге дайындалып жатырмын. Мүмкін, алдағы уақытта кәсіпқой бокста да бағымды сынайтын шығармын", - дейді Тищенок. 

Айта кетейік, бокстан ересектер арасындағы Еуропа чемпионаты 14 және 25 маусым аралығында өтеді. 

Еске сала кетейік, Риода өткен Олимпиада ойындарының 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Тищенко төрешілердің шешімі бойынша отандасымыз Василий Левитті жеңіп кеткен еді. Бірақ кездесуден кейін жанкүйерлер алдымен төрешілерді содан кейін ресейлік боксшыны мазақ етіп, алтынға лайықты емес екенін айтты. Сол кезде жанкүйерлерді сабырға қазақстандық боксшы шақырған болатын 


Тег:



  0