Жәнібек Әлімханұлы: Қазіргі басты мақсатым - денсаулығымды түзеу

Боксшы жуық арада кәсіпқой боксқа ауыспайтынын айтты.

Бокстан Қазақстан құрамасы 2017 жылғы бірінші жаттығу жұмыстарын аяқтады. Дайындыққа шамамен 30-дан аса боксшы қатысты. Тіпті бапкерлер қай боксшының қандай жарысқа қатысатынын тізіп тұрып айтты. Бірақ біз құрама қатарынан Жәнібек Әлемханұлын көре алмадық. Vesti.kz порталы боксшының өзіне хабарласып, қазір не істеп жатқанын анықтаған болатын. 

"Мен бұл жаттығу жиындарына қатыспадым. Өйткені, қазір ем-дом қабылдап жатырмын. Шет елдерге барым емделдім. Шамамен тағы үш айдай жаттығу жасамайтын шығармын. Емделіп болған соң ғана жаттығуға толық кірісемін", - дейді боксшы. 

- Сізді әуесқой боксты қойып, кәсіпқой боксқа ауысады деген ақпарат шыққан еді. Бұл туралы не айта аласыз?

- Қазір Қазақстан бокс федерациясының рұқсатынсыз әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауыса алмайсың. Көп жігіттер осы қиындыққа тап болып жатыр. Бірақ менде кәсіпқой боксқа ауысу туралы еш жоспар жоқ. Қазіргі басты мақсатым - денсаулығымды түзеу. Өйткені, бұған дейін жарыстарда көп жарақат алдым. Енді солардан толық айығу керекпін. Содан соң ары қарай не боларын көре жатармыз. 


  0