Боксшыларымыз ақсақалдардың ақ батасын алды

Боксшыларымыз AIBA академиясында қазақ боксының ақсақалдарымен кездесті.

Бокстан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарының соңғы күні қазақ боксының ардагерлері Алматыдағы AIBA академиясына барып, боксшыларға ақ батасын берді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметін. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуы бойынша ақсақалдан ақ бата алу құраманың дәстүріне айналған екен. 

"Жыл сайын нақтырақ айтатын болсам, 2010 жылдан бастап жаттығу жиындарына ақсақалдарды шақыру дәстүрге айналды. Біздің бабаларымыз ұлы істің алдында Құран оқып, бата алған. Біз де осы дәстүр бойынша Олимпиаданың алдында жалпы байрақты бәсекелердің алдында ақсақалдардың батасын аламыз. Бұл жолы Қазақстан бокс ардагерлерінің төрағасы Мүслім Дайырбеков келіп, батасып берді, - дейді Мырзағали Құланұлы. 













Суреттер Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтынан алынды. 




  0