Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны тағайындалды

Әділбек Ниязымбетов Қазақстан құрамасының жаңа капитаны атанды.

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны анықталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты

Еске сала кетейік, бұған дейін құраманың капитаны міндетін атқарып келген Данияр Елеусінов Риода өткен Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Енді бұл міндетті маңғыстаулық боксшымыз Әділбек Ниязымбетов атқарады. 

"Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен және команда боксшыларымен ақылдаса келе біз капитандық міндетті Әділбек Ниязымбетовке бердік", - делінген федерация таратқан жаңалықта. 

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов - қазақ боксы тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының екі күміс жүлдесі, әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі және Азия ойындары мен Азия біріншілігінің алтын жүлделері бар. 






Тег:



  0